Астанада ШЫҰ саммиті өтеді

Рейтинг
02.07.2024, 20:21
Астанада ШЫҰ саммиті өтеді

Еліміздің бас қаласы Астанада  Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттері Ұлттық үйлестірушілер кеңесінің (ҰҮК) отырысы ұйымдастырылып, түрлі салалардағы ынтымақтастық мәселелерімен қатар, ұйымдастырылатын іс-шаралар талқыланды.

9 ел, атап айтқанда Қазақстан, Қытай, Ресей, Пәкістан, Үндістан, Иран, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан мүшелік ететін Шанхай ынтымақтастық ұйымына Қазақстан былтырғы жылдың шілде айынан бастап Төрағалық етіп, осы аралықта 150-ден астам іс-шаралар ұйымдастырылған.

Еліміздің аталған ұйымдағы ұлттық үйлестіруші Мұрат Мұқышев атқарылған жұмыстарға тоқтала отырып, Астана саммитінің сәтті өтетініне сенім білдірді.

16 елдің мемлекет басшылары мен үкімет мүшелерінің басын қосатын саммитке ірі халықаралық ұйымдардың да басшылары келеді деп жоспарлануда.

Айта кету керек, алғашында 1996 жылы «Шанхай бестігі» атауымен құрылған халықаралық ұйымның құрылтайшылары Қазақстан, Ресей, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан кірген. Ал Өзбекстанның ұйымға кіруімен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы деген атпен тұрақты істейтін үкіметаралық ұйымға айналды.

Ұйымның негізгі мақсаты – мүше мемлектетер арасында достық, татулық қарым-қатынастарды орнату, түрлі салаларда әсіресе саяси, сауда-экономикалық, білім беру және т.б. салаларда әріптестікті нығайту, бірлесе аймақтық тұрақтылықты, қауіпсіздікті, қамтамасыз ету және тағы да басқа.

Сұхбат

PhotoRoom