Исекешев Армения қауіпсіздік кеңесі хатшысымен сөйлесті

Саясат
01.10.2020, 09:45

Телефон арқылы сөйлесуге армян тарапы бастамашы болды

Исекешев Армения қауіпсіздік кеңесі хатшысымен сөйлесті
фото: Forbes

Қазақстан Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ә.Исекешев Армения Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы А.Григорянмен телефон арқылы сөйлесті.

Тараптар Таулы Қарабақ төңірегіндегі армян-әзербайжан қақтығысының ушығуына байланысты ахуалды талқылады.

Әсет Исекешев әріптесіне Қазақстан тарапының ахуалды тұрақтандыру үшін барлық шараны қабылдау, күштік құралдарды пайдаланудан бас тарту қажеттігі, сондай-ақ, мәселені тек саяси және дипломатиялық тұрғыдан шешу туралы ұстанымын жеткізді.

Сұхбат

PhotoRoom