Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ саммитіне қатысуға келген бірқатар мемлекеттердің басшыларымен кездесті

Рейтинг
04.07.2024, 14:40

Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен кездесуде екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің қарқынды дамып келе жатқандығы айтылып, Мемлекет басшысы өзінің Әзербайжан Республикасына, оның ішінде Баку мен Шушаға жасаған сапарын өзара ықпалдастықты нығайтуға ерекше серпіліс берген сапар деп атап өтті.

Екі ел басшылары көлік, логистика, өнеркәсіп тағы да басқа салалардағы бірлескен жобаларды талқылап, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі тереңдету перспективалары қарастырылды.

Өз кезегінде Ильхам Әлиев Қазақстанның халықаралық аренадаға маңызды рөліне тоқталып, халықаралық ұйымдар аясындағы ықпалдастықты талқылады.

Кездесу соңында  «Самұрық-Қазына» АҚ мен Azerbaijan Investment Holding арасындағы Бірлескен инвестициялық қорды басқару туралы келісімге қол қойылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ саммитіне қатысуға келген бірқатар мемлекеттердің басшыларымен кездесті

Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ саммитіне қатысуға арнайы келген Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесуде Дохаға жасаған сапарын ерекше атап өтіп, аталған кездесу екі ел арасындағы байланыстарды стратегиялық серіктестік деңгейіне көтергендігін айтты.

Шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни экономикалық және инвестициялық байланыстарды одан әрі нығайту қажеттігін айтып, кездесуде тараптар білім беру, энергетика, ауыл шаруашылығы, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы ынтымақтастықты нығайту жолдарын талқылады.

***

Астана қаласында стратегиялық серіктестік пен одақтастыққа негізделген тағы да бір маңызды кездесу Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесуі болды.

Кездесуде Қазақстанның ШЫҰ мен ҰҚШҰ-ға, ал Ресей БРИКС пен ТМД-ға төрағалықтары, сонымен қатар  қазақ-ресей қатынастарының бүгінгі жай-күйі мен даму перспективалары талқыланды.

Ел Президенті  Ресей Федерациясының Президентін күзде Қазақстанға мемлекеттік сапармен келіп, ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысуға шақырды.

Өз кезегінде Владимир Путин алғысын білдіріп, екі ел бір-біріне қолдау көрсететіндігін атап өтті. Сонымен қатар, кездесуде энергетика, өнеркәсіптік кооперацияны дамыту перспективаларын талқылап, мемлекеттер арасындағы сауда айналымы шамамен 30 млрд долларға жеткендігі айтылды.

***

Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесуде мәдени-гуманитарлық, сауда-экономикалық салалардағы ынтымақтастық талқыланып, ШЫҰ-ғы екі елдің рөлі айтылды.

Сұхбат

PhotoRoom