Таразда жер үй өртеніп, 2 бала көз жұмды

Аймақ
01.10.2020, 13:34

Олардың бірі 2017 жылы, бірі 2018 жылы дүниеге келген

Таразда жер үй өртеніп, 2 бала көз жұмды

1 қазан сағат 09:57-де полицияға Тараз қаласындағы Ақмола көшесінде орналасқан жеке үйден өрт шыққаны туралы хабарланған. Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға орнына келіп жеткен ТЖ мамандары өртті сөндіріп, полиция өкілдері өртенген жерді тексеру барысында 2017 және 2018 жылы туған – кәмелет жасқа толмаған екі адамның мәйітін тапқан.

«Алдын-ала болжам бойынша олар өрт нәтижесінде газдан уланған болуы мүмкін. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабы 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған (екі және одан да көп адамның өліміне апарған өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу). Қажетті сараптамалар тағайындалды», - делінген хабарламада.

Облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Темірбек Оразымбетов ата-аналарды балаларын қараусыз қалдырмауға, сондай-ақ оларға тұрмыстық қауіпсіздік ережелерін үйретуге шақырды.

Сұхбат

PhotoRoom