Індеттен қайтыс болған 37 дәрігердің отбасына 10 млн теңгеден берілді

Әлеумет
02.10.2020, 10:02

Коронавирус жұқтырған 3,6 мыңнан астам дәрігер 2 млн теңгеден өтемақы алды

Індеттен қайтыс болған 37 дәрігердің отбасына 10 млн теңгеден берілді
Фото: ашық дереккөзден

2 қазан күні сағат 09:00-дегі жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан COVID-19 инфекциясын жұқтырған және вирустық пневмониямен ауырған 3621 медицина қызметкеріне өтемақы төленді. Сондай-ақ індеттен қайтыс болған 37 медицина қызметкерінің туыстарына 10 млн теңгеден төлем аударылды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Өңірлер арасында COVID-19 жұқтыру немесе вирустық пневмониямен ауыру салдарынан ең көп төлем алған – Нұр-Сұлтан (718) және Алматы (420), Қарағанды (404), Батыс Қазақстан (261), Ақмола (249), Атырау (228) облысының медицина қызметкерлері.

Айта кетейік, коронавирус инфекциясын жұқтырған немесе вирустық пневмониямен ауырған медицина қызметкерлеріне – 2 млн теңге өтемақы, ал коронавирус инфекциясын жұқтырып немесе вирустық пневмониямен ауырып қайтыс болған дәрігерлердің отбасына 10 млн теңге көлемінде өтемақы төленеді.

Сұхбат

PhotoRoom