МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Рейтинг
05.07.2024, 17:34
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалында ұйымдастырылған қоғамдық қабылдау Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Данабек Ержанұлы Исабековтың қатысуымен өтті.

Қала тұрғындарының талап-тілектері мен өтініштерін арнайы тыңдауға келген Мәжіліс депутаты, жергілікті әлеуметпен кездесу барысында Парламент қабырғасында қабылданған заң нормалары, олардың мемлекет пен қоғамның дамуына қосар үлесі жөнінде ақпар берді.

Қабылдауға Қалалық прокуратура, Полиция департаменті, Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті, сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары,  жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, тұрғын үй, білім, денсаулық сақтау, энергетика және инфрақұрылымды дамыту, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, құрылыс басқармалары және Абай, Аль-Фараби, Еңбекші, Қаратау, Тұран аудандық әкімдіктің өкілдері қатысты.

Қоғамдық қабылдауға келген тұрғындар жер дауы, жұмыссыздық деңгейін төмендету, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға тұрғын үймен жәрдемдесу сынды мәселелерді көтерді. Сондай-ақ, қаламыздың инфрақұрылымындағы түйткілдер, ұжымдық алаяқтарға алданғаны бойынша шағымдар айтылды. Тұрғындарды әлеуметтік қолдау шаралары, ауыз сумен, табиғи газбен қамту жұмыстары, ардагерлердің қоғамдағы мәртебесін жоғарылату бойынша ұсыныс-пікірлер көтерілді. 

Парламент өкілі қоғамдық қабылдауға келген тұрғындардың көтерген мәселелерін мұқият тыңдады. Данабек Ержанұлы шешімі бар сұраныстарды жергілікті атқарушы және өкілді органдарға тапсырып, олардың орындалуын үнемі бақылауда ұстауды жүктеді. Республикалық деңгейде қарастыруды талап ететін өтініштер өзінің қадағалауында болатынын айтып, тиісті орталық мемлекеттік органдармен бірлесе зерделенетінін жеткізді.

Сұхбат

PhotoRoom