Шымкентте көп қабатты тұрғын үйлердің лифтілері жаңартылуда

Аймақ
02.10.2020, 16:00

Бұл тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлы өмір сүруіне тікелей әсер ететін мәселенің бірі

Шымкентте көп қабатты тұрғын үйлердің лифтілері жаңартылуда

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов шаһардағы көпқабатты тұрғын үйлерге лифтлерді жеткізумен айналысатын «Шымкентлифтмонтаж» компаниясының жұмысымен танысты.

Қазір Шымкенттегі көп қабатты тұрғын үйлерде 358 лифт бар. Соның 333-і жұмыс істеп тұр. Қалған 25-ін ауыстыру қажет.

Биыл қалада көп қабатты 6 үйдің 12 лифті жаңартылып жатыр. Соның 10-ын осы «Шымкентлифтмонтаж» ЖШС-і ауыстыруда. Қалған екеуі  «DOSTAR лифт» ЖШС-ігіне жүктеліпті. 

Қала әкімі компания басшыларына жұмысты барынша сапалы орындау керектігін ескертті. Өйткені, бұл —  тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлы өмір сүруіне тікелей әсер ететін мәселенің бірі.

Айта кетейік, 2021 жылы көп қабатты 13 үйдегі 25 лифт жаңартылады деп жоспарланып отыр.

Тегтер:
Шымкент лифт

Сұхбат

PhotoRoom