«ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ҚҰРЫЛЫСЫ ПАРТИЯ НАЗАРЫНДА

Рейтинг
05.07.2024, 17:46
«ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ҚҰРЫЛЫСЫ ПАРТИЯ НАЗАРЫНДА

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Данабек Ержанұлы Исабеков қаладағы іс-сапар барысында «AMANAT» партиясының 2023 - 2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» атты Сайлауалды бағдарламасы аясында бекітілген Жол картасында көрсетілген «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан мектеп құрылысының жұмыстарымен танысты. 

Кездесуге Абай ауданы әкімінің орынбасары Н.Тілеш, Шымкент қалалық мәслихат депутаттары, «AMANAT» партиясы Абай аудандық филиалының төрағасы Н.Бұхарбай мен Абай және Қаратау аудандық филиалдарының атқарушы хатшылары Ә.Иманқұлов, Е.Бертаев және жауапты мамандар қатысты. 

Атап айтқанда, қаламызда ағымдағы жылдың соңына дейін 17 300 орындық 12 мектеп салынып қолданысқа берілуі жоспарлануда. Кездесу соңында халық қалаулысы ашық әңгіме құрып, қойылған сауалдарға жауап берді.

Сұхбат

PhotoRoom