Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Корея Республикасының Алматыдағы Бас консулы Пак Нэчхонмен кездесу өткізді

Рейтинг
09.07.2024, 11:22
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Корея Республикасының Алматыдағы Бас консулы Пак Нэчхонмен кездесу өткізді

Тараптар Алматы облысының Корея Республикасымен ынтымақтастығын нығайту және одан әрі кеңейту мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, бизнес-жобаларды іске асыру және жаңа жұмыс орындарын құру перспективалары қозғалды.
"Біздің елдеріміз арасында барлық бағыттар бойынша достық және серіктестік қатынастар қалыптасты. Сауда-экономикалық ынтымақтастық дәстүрлі түрде жоғары деңгейде. Корея Республикасы Қазақстан экономикасына жетекші шетелдік инвесторлардың бірі болып табылады. 
Ірі инвестициялық жоба ретінде жалпы инвестиция көлемі 80 млрд.теңгеден асатын және 100 - ден астам жаңа жұмыс орнын құра отырып, облыс аумағында темекі өнімдерін өндіретін зауыт құрылысын бөлуге болады", - деді өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев. 
Өз кезегінде Бас консул Пак Нэчхон бизнес-әріптестікті дамытудың табыстылығын атап өтіп, екіжақты өзара іс-қимылдың басқа да мүмкіндіктері туралы айтты.
Айта кетейік, өткен жылы Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы тауар айналымы 6 млрд. АҚШ. Алматы облысының үлесі 112 млн.АҚШ долларын құрады, оның ішінде экспорт – 70 млн., импорт – 42 млн. бүгінде Алматы облысында корей капиталының қатысуымен 15 кәсіпорын жұмыс істейді.

Сұхбат

PhotoRoom