«Сол елдің ішкі мәселесі»: Ақорданың ресми өкілі Қырғызстандағы жағдайға қатысты пікір білдірді

Саясат
06.10.2020, 12:26

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

«Сол елдің ішкі мәселесі»: Ақорданың ресми өкілі Қырғызстандағы жағдайға қатысты пікір білдірді
Фото: reuters

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли көршілес Қырғызстанда болып жатқан жағдайға пікір білдірді.

«Қырғызстанда болып жатқан оқиғалар – сол елдің ішкі мәселесі. Қазақстанда бауырлас Қырғызстанмен өзара дәстүрлі достық қатынастарды және стратегиялық серіктестікті нығайту аса маңызды деп санайды. Сонымен қатар көршілес елдегі ахуалды тұрақтандыру ісі Қырғызстанның конституциясы мен заңдарына сәйкес жүзеге асырылады деп үміттенеді. Қырғыз халқы өз мемлекетінің ұзақ мерзімді мүддесі үшін күрделі жағдайдан шығудың тиімді жолын табады деп пайымдайды», - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, 5 қазанда Ала-Тоо алаңында оппозицияның наразылық акциясы өтті. Парламент сайлауының алдын ала қорытындысымен келіспейтіндер жиналды. Олар «Ақ үйге» кірмек болғанда, халық пен милиция арасында қақтығыс басталды. Митингіге шыққандар түнде президент аппараты мен «Жогорку Кенеш» парламенті отыратын «Ақ үйге» кірді. 

Кейін наразылыққа шыққандардың бір бөлігі Алмазбек Атамбаевты босату үшін мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетіне аттанды.

Босатылған Атамбаев пен тағы бір саясаткерді Ала-Тоо алаңына жеткізді. Бұдан соң президент ғимараты өртке оранды.

Осы жағдайға байланысты Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков мәлімдеме жасап, халықты сабырға шақырды. 

Сұхбат

PhotoRoom