Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Бейбіт Атамқұлов Өзбекстанның Мектепке дейінгі және мектепке дейінгі білім министрі Хилола Умаровамен, одан бөлек Өзбекстан Республикасының Ішкі істер министрі Пулат Бобожоновпен кездесті.
Хилола Умаровамен кездесуде білім берудің сапасы, осы саладағы кадрларды даярлау, мектепке дейінгі білім беруді дамытудағы қазақстандық тәжірибе қаралды.
Елші Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің демеушілігімен өткен FEMO халықаралық олимпиадасын Ташкентте өткізуге қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.
Өзбекстандық министр еліміздің мектепке дейінгі білім беру саласындағы оң тәжірибесін атап өтіп, бұл бағыттағы Өзбекстанның жетісіктерімен, Оксфорд бағдарламасы бойынша Президенттік мектептердің ашылуы, халықаралық PISA зерттеуін өткізу, мұғалімдерді аттестаттау тәжірибесі мен халықаралық олимпиадаларды өткізудегі тәжірибелерінен хабардар етті.
Ағымдағы жылдың қазан айында 700-ге жуық педагог, ЖОО оқытушылары мен оқулықтар шығаратын баспалар, сондай-ақ IT индустрия өкілдерінің қатысуымен Орталық Азия мұғалімдер форумын ұйымдастыру және өткізу жоспарларымен бөлісті.
Сонымен қатар, кездесуде оқу орындарында қазақ-өзбек тілдерін оқытуды үйрету, білім беру саласындағы тәжірибе алмасу, оқытушылардың біліктілігін арттыру мәселелерін талқылады.
Қазіргі уақытта Өзбекстанда 1 млн педагог пен мұғалім, 8 млн мектепке дейінгі және мектеп оқушысы, 11 мың мектеп және 30 мың мектепке дейінгі мекеме бар.
Айта кету керек, Бейбіт Атамқұлов Өзбекстан Жазушылар одағының төрағасы Сирожиддин Саидовпен, өзбек жазушылары мен аудармашыларымен кездесіп, қазақ әдебиетін өзбек тіліне және өзбек әдебиетін қазақ тіліне аударудың маңыздылығын талқылады.
Кездесуде Елші Жазушылар одағының жұмысымен танысып, өзбек тіліне аударылған түркітілдес елдердің ұлы жазушыларының 100 томдық шығармаларын көрді.
Аталған сұхбаттасуда Бейбіт Атамқұлов Өзбекстанның мәдениет күндеріне арналған Әлішер Науаидің Қазақстанда болатын оқуларына қатысуға шақырды.
Осы бағытта Алматыда ұрпақтар сабақтастығын нығайту, екі ел арасындағы мәдени байланыстарды дамыту мақсатында «Науаи және Абай: жалпы адамзаттық құндылықтардың сабақтастығы» атты Халықаралық форум ұйымдастырылып, Әлішер Науаи мен Абай Құнанбаевтың еңбектерінің әдебиоқулары болды.
Өзбекстан Республикасының Ішкі істер министрі Пулат Бобожоновпен кездесуде тараптар Қазақстан азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері бойынша дипломатиялық миссияның өзара іс-қимылының өзекті аспектілерін, Қазақстан азаматтарын құқық бұзушылықтар мен ұстау мәселелері бойынша өзара іс-қимыл және ақпараттық қамтамасыз ету тәртібі туралы талқылады.
Сондай-ақ, кездесуде Қазақстаннан Өзбекстанға баратын туристер саны артқаны хабарланып, тек 2023 жылы елімізден 63,4 мың туристер барғаны айтылды.
Осы ретте Елші Өзбекстанның туристік полициясының жұмысының жоғары деңгейін атап өтіп, көші-қон мәселелеріндегі өзара іс-қимылға тоқталды.