Қазақстан Пермь өлкесінің ірі сауда серіктестерінің бірі

Рейтинг
20.07.2024, 21:22
Қазақстан Пермь өлкесінің ірі сауда серіктестерінің бірі

Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев Пермь өлкесінің губернаторы Дмитрий Махонинмен кездесіп, түрлі салалардағы ынтымақтастықты талқылады.

Еліміз Пермь өлкесінің ірі сауда серіктесі болып табылады және өткен жылғы тауар айналымы шамамен 4 430 млн долларға жеткен.

Сауданың негізін химия өнеркәсібі, машина жасау, мұнай-химия өнеркәсібінің өнімдері құрайды және екіжақты байланыс экономиканың негізгі салаларындағы қажеттіліктерді өтеуге мүмкіндік береді.

Мәдени-гуманитарлық салада Пермь өлкесі денсаулық сақтау, білім, ғылым салаларындағы тәжірибелерімен бөлісуге дайын екендіктерін жеткізді. Білім саласында 5 мың орынға университетаралық кампустық құрылысы аяқталысымен шетелдік студенттерді, оның ішінде елімізден қабылданатын студенттердің санын көбейтуді жоспарлауда.

Одан бөлек, Елші Пермь ғылыми-білім беру орталығында қадрларды дайындау және тәжірибе алмасу, жер қойнауын пайдалану секілді мәселелерді көтеріп, құрылысы жүріп жатқан инженерлік сынақ полигонымен,  Цифрлық кен орны орталығының және мұнай кәсіпшілігі химиясы зертханасының жұмысымен танысты.

Өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты дамыту мұнай-газ жабдықтарын өндіруші «Новомет-Пермь», «ИНГК – ПРОМТЕХ» кәсіпорындарын, сонымен қатар «Morion Digital» технопаркін аралау барысында талқылады. Бұған дейін Атырау облысында мұнай сорғыларын құрастыру және қызмет көрсету жобасын Пермь мұнай машина жасау компаниясы өз деңгейінде жүзеге асырған болатын.

Сапар қорытындысымен түрлі салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға келісті.

Сұхбат

PhotoRoom