Қазақстанның Чех Республикасымен мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығы

Рейтинг
20.07.2024, 21:35
Қазақстанның Чех Республикасымен мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығы

Гуманитарлық саладағы ынтмақтастықты дамыту мақсатында Қазақстанның Чехиядағы Елшісі Бақыт Дүйсенбаев Чех техникалық университетінің Биомедициналық инженерия факультетінің деканы Йозеф Розинамен кездесіп, жоғары оқу орындары арасындағы серіктестікті дамыту жолдарын талқылады.

Кездесу барысында Елші еліміздің білім мен ғылымды дамытуға ерекше көңіл бөлетінін айтып, бұл тұрғыда қолға алынған жобалармен таныстырып, Чехияның қазақстандық студенттер үшін тартымдылығын атап өтті.

Сондай-ақ, Бақыт Дүйсенбаев еліміздегі жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты орнатып, филиал ашу мүмкіндігін қарастыруға шақырды.

Йозеф Розина еліміздің Университеттерімен байланысқа тоқтала келе, бұл бағыттағы ынтымақтастықтың одан әрі дамуына қызығушылығын білдірді.

Университет қабырғасында Қазақстандық Елші факультеттің оқу-зертханалық базасымен танысып, түрлі бағыттағы озық әзірлемелерден хабардар болды.

Одан бөлек, дипломат этносаралық және дінаралық келісім саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында Халықаралық діни сенім бостандығы альянсының (IRFBA) төрағасы, Чехия Сыртқы істер министрлігінің Холокост, конфессияаралық диалог және діни сенім бостандығы мәселелері жөніндегі арнайы өкілі Роберт Ржехакпен кездесті.

Сұхбат барысында қазақстандық Елші еліміздегі қазіргі жағдаймен, сыртқы саясаттағы әдіс-тәсілдермен, халықаралық ұйымдардағы ұстанымдарымен таныстырып, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің қызметіне тоқталды.

Сонымен қатар, бүкілқазақстандық бірлікті тұрақты ұстап тұрудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі айтылды.

Өз кезегінде Роберт Ржехак этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық тәжірибесін жоғары бағалап, бұл бағыттағы әріптестікті ілгерілетудің маңыздылығы қаралды.

Айта кету керек, 2023 жылдың маусымынан бастап Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дүйсенбаев Бақыт Амангелдіұлы Сыртқы істер министрілігінің орталық аппаратында түрлі лауазымдарда, атап айтқанда Халықаралық экономикалық қатынастар басқармасының референті, Мемлекеттік протокол басқармасының референті, атташесі, Үшінші департаменті Еуропа және Америка басқармасының екінші хатшысы, Еуропа департаменті директорының орынбасары, сонымен қатар Қазақстанның Ресей Федерациясындағы, Испания Корольдігіндегі, Андорра Княздігіндегі, Корей Республикасындағы елшіліктерінде бірқатар лауазымдарда жұмыс жасаған.

Сұхбат

PhotoRoom