БОС ЖҰМЫСТАР ОРНЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Рейтинг
25.07.2024, 17:47
БОС ЖҰМЫСТАР ОРНЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

«AMANAT» партиясының «ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ!» сайлауалды бағдарламасы аясында 2027 жылға дейін 1,5 миллионнан астам жасты жұмыспен қамту міндеті қарастырылған. Осы орайда партия жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанатымен 6 бағыттан тұратын «Жастарға жұмыс» жобасы іске қосылған болатын. Қазіргі таңда республика бойынша барлық өңірде жәрмеңке өтуде. Іс-шараны ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қолдауымен «AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалы және Шымкент қаласы әкімдігі ұйымдастырып отыр.

Іс - шараға қала әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов, «AMANAT» партиясы қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Мұрат Жолдыхожаев, мәслихат депутаттары мен сала мамандары қатысты.

Мақсаты – жастарды толғандыратын өзекті мәселелерді анықтап, оларды бірлесе шеше отырып, алаңдатқан сұрақтарына жауап беру. Тұрғын үй, кәсіпкерлік, денсаулық сақтау мәселелері бойынша да тегін консультативті кеңестер беріп, жұмысқа орналастыру басты назарға алынған.

Жәрмеңкеде қала аумағында орналасқан мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардағы тұрақты және уақытша бос жұмыс орындары ұсынылды. Сондай-ақ, шара аясында мансап орталығы мамандарының кеңесі, солтүстікке қоныс аудару, кәсіптік оқыту және enbek.kz электронды порталымен жұмыс жасау бағыттары түсіндіріледі.

Жәрмеңке барысында ЖОО-ның бітіруші студанттері, жас мемлекеттік қызметшілер мектебінің түлектері, квазимемлекеттік сектордың және өзге де мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері қатысып, мамандардан кеңес алды. Жалпы 82 мекемеден 963 тұрақты бос орын болса, уақытша жұмыс орындары бойынша 660 мекемеден 1115 орын Алғашқы жұмыс орнына, жастар практикасын ұйымдастыру мақсатында 1161 мекемеден 2035-тен астам бос орны ұсынылды. 

Нәтижесінде іс – шараға 400 ге жууық адам қатысып, 50 адам тұрақты бос жұмыс орынға, 30 адам жастар практикасына, 18 адам «Алғашқы жұмыс» орынға, 5 адам қоғамдық жұмысқа жолдама алды. Сонымен қатар, 41 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқыту және  мемлекеттік қайтарымсыз грант бойынша кеңес беріліп, 77 отбасы ерікті түрде Солтүстік өңірлерге қоныс аударуға ниет білдірді. Қалған қатысушы азаматтарға жұмыспен қамтудың белсенді шаралары бойынша ақпараттық кеңес берілді.

Сұхбат

PhotoRoom