Қостанайға бағыт алған FlyArystan ұшағы Алматыға кері қайтты

Аймақ
12.10.2020, 11:51

Мамандар мұндай шешімнің қабылдану себебін Қостанай әуежайында инженерлік-техникалық қызметтің жоқтығымен түсіндірді

Қостанайға бағыт алған FlyArystan ұшағы Алматыға кері қайтты
фото: FlyArystan

FlyArystan әуекомпаниясының KC7141 рейсі Алматыдан Қостанайға бағыт алған. Алайда, қонуға 22 минут қалғанда ұшақ кілт бұрылып, Алматыға кері қайтқан. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

«Ұшақ көкке көтерілген соң, 1 сағат 43 минут өткенде әуе кемесінде ақау тіркелгені жөнінде хабарлама іске қосылған. Ал бұл кезде Қостанай әуежайына қонуға 22 минут қалған болатын. Соған қарамастан ұшқыш кері бұрылып, Алматыға оралды», – делінген хабарламада.

Техникалық регламенттер рейсті жалғастыруға мүмкіндік беретіндіктен, әуе компаниясының шешімімен ұшақ Алматыға қайтарылды. Мамандар мұның себебін Қостанай әуежайында инженерлік-техникалық қызметтің жоқтығымен түсіндірген.

Сұхбат

PhotoRoom