Талдықорғанда жезөкше жігіттерге жеңгетай болған монша әкімшісі ұсталды

Аймақ
13.10.2020, 15:33

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу басталды

Талдықорғанда жезөкше жігіттерге жеңгетай болған монша әкімшісі ұсталды

Алматы облысы Полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасына облыс орталығындағы монша кешендерінің біріндегі әкімші жігіттерге интимдік қызмет көрсеткені үшін ақы төлейді, яғни жеңгетайлық жасайды деген жедел ақпарат келіп түскен. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.

Жедел түрде жүргізілген шара барысында ақпарат расталып, криминалдық полиция қызметкерлері монша кешенінің әкімшісі болып жұмыс істейтін Талдықорған қаласының 33 жастағы тұрғынын ұстады.

Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 1-бөлімінің 309-бабы бойынша тіркелген. Расталғандай, кеше әкімшісі клиенттерге ақысына интимдік қызмет көрсететін жігіттердің нөмірін тікелей ұсынып келген.

Сұхбат

PhotoRoom