Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының әкімі тағайындалды

Аймақ
14.10.2020, 12:55

Есет Байкен бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімі аппаратының басшысы болды

Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының әкімі тағайындалды
фото: astana.gov.kz

Президент әкімшілігі және қалалық мәслихат депутаттарының келісімімен Есет Байкен Сарыарқа ауданының әкімі болып тағайындалды.

Есет Берікұлы еңбек жолын 2008 жылы Астана қаласының экономика және бюджетті жоспарлау басқармасында жетекші маман ретінде бастаған. Әр жылдары Астана қаласы әкімінің әлеуметтік-мәдени сала бөлімінің бас маманы, Астана қаласы әкімінің бас инспекторы, Астана қаласы әкімінің ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.

Соңғы жылдары ол ҚР Президенті әкімшілігі басшысының хатшылығында сарапшы, ҚР Президенті әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастырушылық-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы, Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімі қызметтерін атқарды.

Мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі 11 жылдан асады. 34 жастағы Есет Байкен әкімдік бөлімінің маманынан қалалық әкімшіліктің әкім аппаратының жетекшісіне дейінгі қызмет жолынан өтті.

Сұхбат

PhotoRoom