ПРЕЗИДЕНТ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ ӨМІРІНІҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН АТАП ӨТТІ

Рейтинг
02.09.2024, 14:06
ПРЕЗИДЕНТ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ ӨМІРІНІҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН АТАП ӨТТІ

Мемлекет басшысы бүгінгі Қазақстан халқынаарнаған кезекті Жолдауында осылай деді. 

«Халқымыз қашанда кең пейілімен, толеранттылығымен ерекшеленген. Еліміздің бастықұндылығы – бірлік пен келісім ең алдымен, осы қасиеттердің арқасында сақталып отыр.

Қазақстанда тіліне, дініне, ұлтына, әлеуметтікжағдайына және басқа да себептерге байланыстыешкімге ешқандай қысым жасалмайды, жасалуы да мүмкін емес. Әрине, мұндай жайттар ара-тұракездеседі. Бірақ, бұл көбіне жекелеген адамдардыңсауатсыздығы мен жауапсыздығынан болыпжатады. Құқық қорғау органдары әрдайым заңарқылы мұндай оқиғалардың жолын кеседі.

«Саяси және қоғамдық болмысымыз, менталитетіміз және мәдени кодымыз өзгеребастады. Бір сөзбен айтсақ, Әділетті Қазақстанқұрылып жатыр. Мұның бәрі, ең алдымен, халықтың қалауымен жасалуда. Сондықтан бізалған бетімізден қайтпаймыз, бағытымыздантаймаймыз. Бүгін біз алға қойған жоспарымыздыпысықтап, мақсаттарымызды айқындаймыз.

Соңғы 5 жылда ауқымды реформалар жасалды. Еліміздің саяси жүйесі түбегейлі өзгерді. Жұрттыңсана-сезімінде бетбұрыс болып жатыр. Халықтыңқұқықтық мәдениеті артып келеді. Азаматтардыңбойында жаңа әдеттер, дағдылар қалыптасып, жаңақұндылықтар орнығуда »- деді Президент.

 

Шыны керек, қазір жер жүзінде геосаяситекетірестер белең алып тұр. Соған қарамастан, Қазақстан бейбіт әрі эволюциялық жолмен дамыпкеле жатыр.

Бұл жөнінде «Біз дамудың жаңа бағдарынбелгіледік.Экономиканы әртараптандыру ісіне тыңсерпін бердік. Инфляция баяулады, яғни былтырғыең жоғарғы деңгейден 2,5 есе төмендеді. Еліміздіңхалықаралық резерві 100 миллиард долларданасты. Өңдеу өнеркәсібі тау-кен саласыменсалыстырғанда жылдам өсіп жатыр. Біз осы қарқынды жоғалтпауымыз керек. Бұған дейінжасалған қолайлы жағдайды тиімді пайдаланып, жаңа инвестициялық кезеңді бастауымыз қажет»-деді, Президент  Жолдауда. 

Ол үшін,  мемлекет басшысының айтуынша Үкіметжәне әкімдер экономиканың құрылымын өзгертугебаса назар аударуға тиіс. 

 

Еліміздің тұрақты дамуына мүмкіндік беретін жаңатетіктерді қарастырған жөн.  Басты мақсат – азаматтардың табысын арттыру. Жұмысты дұрысүйлестіре білсек, бұл – қолдан келетін шаруа. Сондай-ақ, экономика өскен сайын әлеуметтіктеңсіздік азайып, орта тап (яғни орта класс) күшейетүсуі керек. 

Сонда ғана біз еліміздің әлеуетін күшейте аламыз. Ол үшін кез келген істің басты өлшемі тиімдіболуы керек. Ал әрбір шешім, әрбір жоба еңалдымен елге пайдалы болуы қажет.

Алдымен атқарылған жұмыстардың оңнәтижесімен бөлісіп,халықтың тұрмыс сапасынжақсарту үшін болашаққа жоспарланғанбастамаларымен таныстырды.

Билік тармақтарының барлық өкілдері бас қосқаналқалы жиында алдағы жұмыстың бағыт-бағдарынайқындап,нақты тапсырмалар берді,жаңа міндеттержүктеді.

Соның ішінде атап өтетіні «Біз еліміздің өзіне тән ерекшелігін және ұзақ мерзімге арналған ұлттық мүдделерімізді ескере отырып, тек алға қарай жүруіміз қажет. Бір сөзбен айтсақ, болашақты ойлауымыз керек. Сондықтан мен атом электр стансасын салуға қатысты барынша байыпты шешім қабылдау қажеттігін ұдайы айтып келемін. Стратегиялық жоспарларды қоғамда кеңінен талқылау керек деп санаймын.

Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум биылғы 6 қазанда өтеді. Бүгін тиісті Жарлыққа қол қоямын. Алдағы референдум кең ауқымды жалпыұлттық диалогтың тағы бір айқын көрінісі болмақ. Шын мәнінде, бұл – «Халық үніне құлақ асатын мемлекетке» тән сипат. Біз осындай қадамдар арқылы жаңа қоғамдық-саяси мәдениеттің негізін қалаймыз. Маңызды мемлекеттік шешімдер қабылдаудың жаңа үлгісін жасаймыз»- деді Мемлекет басшысы.

 

Президент жолдауы - еліміздің жыл сайынғы даму  стратегиялық айқындап беретін маңызды құжат. Президенттің биылғы Жолдауын қолдаймыз және Жолдауда айтылған міндеттер мен тапсырмалар сәтті жүзеге асады деген сенімдеміз

 

«AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанаты Шымкент қалалық филиалының төрағасы Төлебай Бекзат Октябрьұлы

 

 

Сұхбат

PhotoRoom