«AMANAT» партиясы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі аймақтық Кеңестің отырысы өтті⠀
Отырыстың күн тәртібінде төмендегідей мәселелер қаралды.
1. Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 02 қыркүйекте жасаған Жолдауында айтылған бастамаларды насихаттау.
2.Жастарға арналған бизнеске қайтарымсыз гранттардың қолжетімділігі.
3.Жастар арасындағы жұмыссыздық. Жастарды жұмыспен қамту.
4.Аймақта мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылу барысы туралы.
⠀
Кеңес жұмысын “AMANAT” партиясы жанындағы “Жастар Рухы” Жастар қанаты Шымкент қалалық филиалының төрағасы Төлебай Бекзат Октябрьұлы ашып жүргізді.
Бүгінгі отырысқа “AMANAT” партиясы Шымкент қалалық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары Байқонысов Ербол Рәбілұлы, жастарды қолдау кеңесінің мүшелері, партия белсенділері, жастар рухының мүшелері қатысты.
Баяндамашылар:
- Тұран ауданы бойынша мансаптық орталығының басшысы Шымкентбаев Нурбол Муратович;
- Сөз кезегі, баяндама жасауға Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің директоры Спатаев Марат Бахытжанұлы.
Отырыс қорытындысы бойынша алдағы уақытта көтерілген сұрақтарды бақылауда ұстап, қарқынды жұмыс жүргізілетін болады.⠀