Шымкентте 4 мектептің құрылысы аяқталды

Аймақ
16.10.2020, 10:10

Жыл соңында апатты мектеп саны 1-ге азайса, үш ауысымды мектептердің саны екіге қысқаратын болады

Шымкентте 4 мектептің құрылысы аяқталды

Биыл Шымкент қаласында 7020 орындық 13 мектеп салынуда. Осы жылдың 9 айының қорытындысына сәйкес 3900 орындық 4 мектеп пайдалануға берілді.

Атап айтқанда, Самал-3 шағын ауданындағы 1200 орындық екі мектеп, Асар-2 шағын ауданындағы 1200 орындық 1 мектеп және Әбділабад тұрғын алабында орналасқан 300 орындық 1 білім ошағының құрылысы аяқталды.

Одан бөлек, №23 мектептің 300 орындық қосымша ғимаратының құрылысы қазан айының соңына дейін қолданысқа беріледі деп күтіліп отыр. Ал, жыл соңына дейін әрқайсысы 300 орындық болатын №17, №62, №84 мектеп және 1 өнер мектебінің құрылысы бітеді.

Қалған 1920 орындық 4 мектептің құрылысы келер жылы аяқталады деп күтілуде. Жыл соңында апатты мектеп саны 1-ге азайса, үш ауысымды мектептердің саны екіге қысқаратын болады.

Сұхбат

PhotoRoom