«Birgemiz» қорынан 100 мыңнан астам отбасыға көмек берілді

Жаңалықтар
19.10.2020, 11:00

«BizBirgemiz» акциясының бесінші кезеңі аяқталды

«Birgemiz» қорынан 100 мыңнан астам отбасыға көмек берілді
фото: azattyq-ruhy.kz

«Birgemiz» қоғамдық қоры еліміздегі мұқтаж жандарға біржолғы төлем жасаудың 5-ші кезеңін аяқтады. 100 мыңнан астам отбасы 50 мың теңгеден алды. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек хабарлады.

«Барлығы 650 мыңнан астам отбасы немесе 2,2 млн қазақстандық тікелей қаржылық қолдаумен қамтылды. Қор қаражаты есебінен 2 мыңнан астам медицина қызметкеріне қолдау көрсетілді, су басудан зардап шеккен Мақтаарал тұрғындарына 20 жаңа үй салынды», - деп жазды Б.Байбек.

Жалпы, #BizBirgemiz акциясы аясында 320 мыңдай отбасы азық-түлік себеттерімен және бірінші кезекте қажетті тауарлармен қамтамасыз етілді. 100 мың отбасыға 5 миллион маска тегін таратылды.

«Елбасы бастамасымен қорға 34 млрд теңгедей қаражат жинаған барша демеушілер мен меценаттарға тағы да алғыс айтқым келеді. Коронавируспен күрес кезеңінде мұқтаждарға қолдау көрсету бойынша осынау игі іске атсалыса отырып, еліміз бен халқымыз қажырлық пен ауызбіршіліктің үлгісін көрсетті!», - деп жазды ол.

Сұхбат

PhotoRoom