АЭС САЛУ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ТИІМДІ ШЕШІМ

Рейтинг
11.09.2024, 10:55
АЭС САЛУ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ТИІМДІ ШЕШІМ

Соңғы күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жоладуынан соң АЭС салу мәселесі қызу талқылануда. Алайда Қазақстанда АЭС салу мәселесі 1997 жылдан бері көтеріліп келеді. Естеріңізде болса Маңғыстаудағы ескі АЭС орнына жаңа АЭС салу бірнеше рет көтерілген болатын. 2006 жылы Ресей ВБЕР-300 реакторын орнатуды ұсынды, бірақ жоба жүзеге аспады. 2014 жылы жапондық Toshiba компаниясы AR-1,000 реакторын, француздық Areva компаниясы EPR реакторын салуды ұсынды, бірақ келіссөздер нәтиже бермеді. 2020 жылы АЭС құрылысы тағы да талқыланды. Бұл жолы Ресей Балқаш көлі маңындағы Үлкен ауылында қуаты 1,200 МВт-қа дейінгі реактор салуды ұсынды. Алайда бұл идеяны қолдаушылар да, қарсы болғандар да бар. Яғни АЭС салу бір күнде қабылданатын шешім емес. Еліміздің экономикалық әлеуетін арттыру жолында көптеген шаралар қолға алынып, Үкімет жобаларды ұсынуда. Алайда, осы ретте шетелдік компанияларды инфестор ретінде қызықтыру үшін ең әуелі электр қуаты мәселесін шешуіміз қажет. Яғни шетелдік алпауыт компаниялар, түрлі брендтер Қазақстанның территориялық мүмкіндіктеріне қызыққанымен үлкен завод, өнеркәсіп орындарын тұрғызу үшін электр қуаты тапшы екені жасырын емес.  

Қазақстанның энергетикалық жүйесіндегі өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру үшін АЭС құрылысын бүгіннен бастау қажет. Алдағы жылдары электр энергиясы тапшылығы туындауы мүмкін. Қазақстан қазірдің өзінде Ресейден электр энергиясын импорттап отыр, бірақ бұл жеткіліксіз. Сондықтан жыл сайын қуатты 500 МВт-қа арттыру қажет. Ал АЭС салу экономикалық тұрғыдан тиімді болатыны сөзсіз. АЭС салудан қорқудың қажеті жоқ. Дамыған елдердің қайсысын алып қарасаңыз да олар осы АЭС арқылы өз қажеттіліктерін шешіп отыр. Мәселен, АҚШ-та 94, Францияда 56, Қытайда 56, Жапонияда 12, Ресейде 36 және Оңтүстік Кореяда 26 АЭС орналасқан. Біздің айтып жүргеніміз ойдан құрастылған жаңалық емес, дамыған мемлекеттерде әлқашан жұмысын бастап, тәжірибесі бекітілген станция. Дәл қазір Түркия елінде 4, Қытайда 8  АЭС салынуда. Сондықтан да алдағы уақытта халық саны артқан сайын электр қуатына да сұраныс артатыны түсінікті жағдай. Мемлекет басшысы осы ретте референдум өткізу туралы шешім қабылдап, халықтың пікіріне жүгінуді жөн санап отыр. Бұл өте орынды шешім деп ойлаймын.


М.Әуезов атындағы ОҚУ оқытушысы
саясаттанушы, тарихшы 
Мәжінбеков Сәкен Аралбайұлы

Сұхбат

PhotoRoom