Бүгін «Энергетика - адамзаттың болашағы» тақырыбында студенттер арасында маңызды кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты – жастарды энергетика саласындағы өзекті мәселелермен таныстыру және болашақ даму бағыттары туралы ой бөлісу болды.
Кездесу барысында АЭС-тің экономикалық пайдасы мен оның елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі талқыланды. Спикерлердің арасында “BasQaru” қоғамдық қорының басшысы Марғұлан Ермағанбетұлы ерекше назар аударып, тақырып бойынша маңызды пікірлерімен бөлісті. Шараға 200-ге жуық жас қатысып, олар да өз сұрақтарын қойып, қызықты пікірталастарға белсене қатысты.
Бұл кездесу жастардың энергетика саласына деген қызығушылығын арттырып, олардың ой-өрістерін кеңейтуге үлес қосты.