Шымкент: Абай ауданында 12 көпқабатты үйде жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Аймақ
22.10.2020, 16:55

Аудан аумағында 453 көпқабатты тұрғын үйдің 111-і тозығы жеткен

Шымкент: Абай ауданында 12 көпқабатты үйде жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Бүгінде Шымкент қаласының Абай ауданында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағытында бірқатар жұмыстар жүзеге асуда.

Аудан аумағында 453 көпқабатты тұрғын үй орналасқан, 111 тозығы жеткен. Оның ішінде 2019 жылға дейін  апатты деп танылған 7 көпқабатты тұрғын үйде сейсмонығайту жұмыстары жүргізілген болатын. 2019-2020 жылы 4 көпқабатты тұрғын үйде сейсмонығайту жұмыстары жүргізілуде.

2021 жылға 3 көпқабатты тұрғын үйдің жағдайына зерделеу жұмыстарын жүргізу мақсатында қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына ұсыныс жолданды. 

Бүгінде жалпы аудан бойынша 453 көпқабатты тұрғын үйдің  44-і жөндеуден өткен. 2020 жылы жоспарланған 19 үйдің 12-де құрылыс жұмыстары жүруде. 383 үйді жағдайына байланысты жөндеу жұмыстарын атқару бойынша тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сұхбат

PhotoRoom