ШЫМКЕНТТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КӨРСЕТКІШІ КӨҢІЛ ҚУАНТАДЫ

Рейтинг
16.09.2024, 23:31
ШЫМКЕНТТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КӨРСЕТКІШІ КӨҢІЛ ҚУАНТАДЫ

Ағымдағы жылдың алғашқы 7 айының қорытындысы бойынша Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінде тұрақты өсім айқын байқалады. Қаланың қысқа мерзімді экономикалық өсімі өткен жылдың жеті айымен салыстырғанда 11,6 пайызды құрап, республика бойынша үшінші орынға көтерілген. Бұл туралы ақпаратты Шымкент қаласы әкімінің баспасөз бөлімі мәлімдеді.  

Шым шаһардағы әлеуметтік-экономикалық ахуалдың жақсаруына байланысты, жергілікті бюджеттің түсімі де артқан. Биыл бюджет шығыстарының көлемі 764 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 107 млрд теңгеге артқанын көрсетіп отыр. Ал, бюджет түсімдерінің көлемі 61 млрд теңгеге ұлғайып, 404 млрд теңгеге жетті.
Негізгі көрсеткіштерді талдау экономиканың түрлі секторларында тұрақты өсуді және стратегиялық бастамаларды тиімді іске асыруды айғақтайды.

Жұмыспен қамту деңгейі, инвестиция көлемі және инфрақұрылымды дамыту сияқты барлық негізгі көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалады.
Бюджет көлемінің артуына байланысты халықтың табысын көбейту бойынша жұмыс жүргізіліп келеді. Биыл жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жалақысы төмен 15 мыңға жуық қызметкерге қосымша 50 мың теңге ай сайынғы үстемеақы тағайындалып,

Шымкент қаласындағы ең төменгі жалақы 140 мың теңгеге дейін көтерілді. Оған жергілікті бюджеттен 8,1 млрд теңге қарастырылған. Сонымен қатар, биылдан бастап кәсіпкерлікті дамытуға, кеңейтуге, қаржы айналымын ұлғайтуға, жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік беру мақсатында бөлшек салық мөлшерін 4 пайыздан 2 пайызға төмендетілді.
Әлеуметтік тұрақты экономиканың сыртқы белгілері мен оның экономикалық мәнін ажырата білу қажет. Экономика өрістеп дамыған жағдайда әлеуметтік тұрақтылық орнап экономика орнықты болады. Қоғамдық өнім үнемі өсіп табиғи жұмыссыздықтың төмен деңгейі, төмен инфляция, тұрақты бағалар мен басқа да экономикалық факторлар әрбір нақты кезең ішінде халықтың өмірінде, оның табысын, негізгі игіліктерді тұтынуды, қоғамдық игілікке жетуде нақты тұрақтылықты қамтамасыз етеді.

Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында дәл осы халықтың тұрмыс деңгейінің артуы, қолайлы орта, жұмыссыздықты азайту, әлеуметтік жағдайды жақсарту бойынша Үкіметке ұдайы тапсырма беріп келеді. Осы ретте түрлі бағдарламаларды мысал ретінде айтуға болады. Өз кәсібін бастаушы азаматтарға, жеңілдетілген несиемен баспаналы болу, қолжетімді медициналық көмек бәрі ескерілген.

Сұхбат

PhotoRoom