Ақмола облысында жол апатынан қайтыс болған екі полицейдің отбасына пәтер беріледі

Аймақ
26.10.2020, 09:37

15 қазанда Щучье қаласында екі полицей жол апатынан қаза тапты

Ақмола облысында жол апатынан қайтыс болған екі полицейдің отбасына пәтер беріледі
фото: polisia.kz

Ақмола облысында жол апатынан қаза тапқан полицейлердің отбасына пәтер беріледі. Бұл туралы Ақмола облыстық Полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймұрзин Щучьеде жол апатынан қаза болған полиция қызметкерлерінің отбасымен кездесудн айтты.

Департамент басшысы қаза болған әріптестері - Қанат Отарбаев пен Қанат Хамидулиннің отбасыларына мемлекеттен бөлінетін өтемақыны алу мерзімі мен ережесін түсіндірді. Сонымен қатар жол апатынан қаза болған Қ. Отарбаевтың отбасына пәтер беру, ал Қ. Хамидулиннің жанұясына жалдамалы қордағы пәтерді жекеменшігіне беру мәселесі қаралып жатқанын атап өтті.

Еске салайық, 15 қазанда Щучье қаласында екі полицей жол апатынан қаза тапты. 

Сұхбат

PhotoRoom