Шымкент: Қала әкімі Базарқақпа тұрғын алабының өзекті мәселесімен танысты

Аймақ
27.10.2020, 10:23

Шайынды лас сулардың Сайрам су өзеніне ағымын тоқтатпаудан табиғатқа зиян келуде

Шымкент: Қала әкімі Базарқақпа тұрғын алабының өзекті мәселесімен танысты

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Еңбекші ауданын аралау барысында Базарқақпа тұрғын алабына барды. Ондағы өзекті мәселе болып отырған кәріз жүйесінің жұмысымен танысты.

Базарқақпа тұрғын алабында орталық (магистралды) кәріз жүйесі Тельман, Далабазар көшелерінен өткен. Көршілес Шаңырақ шағын ауданындағы   орталық кәріз жүйесі Айбота көшесінен өткен. Аталған кәріз жүйесі 2010 жылы бітеліп істен шыққан.

2017 жылы мердігер мекеме «ТКСК-Строй» ЖШС-і 3,3 шақырым кәріз жүйесіне құрылыс жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде 20 көпқабатты үй  кәріз жүйесіне қосылған.

Алайда, тұрғын алапқа толықтай магистралды кәріз жүйесін орнатуды және ішкі кәріз жүйесін қосуды талап етеді.  Себебі шайынды лас сулардың Сайрам су өзеніне ағымын тоқтатпаудан табиғатқа зиян келуде.

Жағдаймен таныс болған Мұрат Әйтенов орталық кәріз жүйесін қалалық энергетика және шаруашылық басқармасының теңгеріміне өткізіп, қайта құрылыс жұмыстарын жүргізу жөнінде тапсырма берді. 

Сұхбат

PhotoRoom