ШЫМКЕНТТІК ШЫНЫЛАР ЭКСПОРТҚА ШЫҒАРЫЛУДА

Рейтинг
19.09.2024, 15:24
ШЫМКЕНТТІК ШЫНЫЛАР ЭКСПОРТҚА ШЫҒАРЫЛУДА

Шымкентте орналасқан «ЕвроКристалл» ЖШС шыны бөтелкелерін шығаратын бірден-бір өндіріс орны.  Серіктестік зауыты қала іргесіндегі «Оңтүстік» индустриалды аймағында орналасқан.

Оңтүстікте өлкеде әрбір отбасы шыны банкілерін көптеп тұтынады. Жаз-күз айларында тұрмыста тосап, салат жауып, қыс маусымына қызу дайындалады. Одан бөлек сусындар мен түрлі ішімдік шығаратын отандық кәсіпорындар да осы кәсіпорынға мұқтаж. Химия өнеркәсібінен бастап тамақ, тіпті, медицина саласында да шыны бұйымдарына сұраныс өте үлкен. Бұрынғы кезде ішкі нарыққа банкі мен бөтелкелер негізінен шетелден импортталатын. Енді отандық кәсіпорын іске қосылғалы шетелдік өндірушілермен бәсекелестік орнап, жергілікті базар, сауда нүктелері өзіміздің шыны ыдыстармен толықты. 
Сапасы өте жоғары, ассортиментке бай, көлемі 250 миллилитрден басталып 3 литрге дейінгі, сан алуан пішіндегі, негізінде тамақ өнркәсібіне арналған шыны ыдыстар шығаратын бұл компания 2011 жылы құрылған. Зауытта шыны балқытатын екі пеш, шыныға әртүрлі қалып беретін төрт өндірістік желі бар. Сонымен бірге, кәсіпорында өндірілетін шыны ыдыстардың физикалық, химиялық қасиетін бақылап отыратын зертханада жұмыс істейді.

Кәсіпорынның жылдық қуаттылығы шамамен 200 млн бұйымды құрайды. Сонымен бірге компания ECOQOLDAY деп аталатын экологиялық бағдарламаның қатысушысы болып табылады. Сол арқылы зауыт пайдаланылған өнімді қайта өңдеп, қалдықсыз тауар шығарады. Яғни, босап қалған ыдыстарды қайтадан балқытып, жаңадан өнім жасайды. Оның экологияға тигізер оң әсері өте зор. Осылайша компания табиғаттың тазалығына, экологияның таза қалпында сақталуына зор үлесін қосып отыр. Жалпы, әлемде шыны ыдыстар ең экологиялық таза бұйым болып саналады екен.
Ендеше «ЕвроКристаллдың» өнімдеріне келсек, зауыт ағарған мен шырынға, түрлі алкогольді ішімдіктерге арналған бөтелкелер мен консервілеуге қажетті банкілер өндіреді. Кәсіпорын Қазақстанның ішкі нарығын жоғары сапалы шыны ыдыстарымен қамтамасыз етеді, соның ішінде төмендегі өндіріс орындары бөтелкелерді осы «ЕвроКристаллдан» сатып алады. Олар Амиран, Globus plus Эфес Казахстан, Первый пивзавод, Carsberg Kazakhstan, Дионис, Golden food, Рауан және тағы басқа осы секілді сусындар мен алькогольді ішімдіктер шығаратын компаниялар. Сондай-ақ серіктестік өз өнімдерін Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Литва, Польша сияқты мемлекеттерге экспорттайды.

Президент Жолдауында кәсіпкерлікті дамытуға қатысты Президент Үкіметке нақты тапсырмалар жүктеді. Мемлекет басшысы бизнестің қаржылық қолдауы жаңа серпін алуы керек екенін атап өтті. Қазіргі таңда кәсіпкерлік саласы алға ілгері беттеп келеді. Ол еліміздің экономикасы үшін де тиімді екені белгілі.

Сұхбат

PhotoRoom