Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың "Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм" атты Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген өзекті тақырыптардың бірі шетелдік инвестицияларды тарту мәселесі болып табылады.
Президенттің айтуынша, инвестициялар үшін өткір халықаралық бәсекелестік жағдайында басты қажеттілік – "мұнда және қазір" режимінде капиталды тарту үшін шешімдер қабылдау маңызды: "Экономикаға тікелей инвестициялар көлемінің төмендеуіне жол бермеу үшін берілген бағыттағы жұмысты күшейтіп, халықаралық қаржы институттарының қатысуымен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын неғұрлым сапалы дайындауға назар аудару қажет.
Үшінші мегаполистің экономикалық ахуалын жақсарту бойынша мемлекеттік құрылымдарының жұмысы қарқынды жүргізілудің нәтижесінде қосымша өнеркәсіптік аймақтар құрылып, қолданыстағыларыдың ауқымы кеңеюде.
2024 жылдың қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша қала экономикасына 324,7 млрд теңге инвестиция тартылды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14% - ға жоғары.
Жыл соңына дейін 928,7 млрд теңге инвестиция тарту жоспарлануда, бұл өткен жылмен салыстырғанда 28,1% - ға артық.
Жалпы алғанда, алдағы үш жылда 3,6 трлн теңге инвестиция тартылады деп күтілуде: 2024 жылы 928,7 млрд теңге, 2025 жылы 1 194,8 млрд теңге және 2026 жылы 1 493,5 млрд теңге.
Сондай-ақ жалпы құны 2,7 трлн теңге болатын 220 жобаның инвестициялық пулы әзірленді. Олар 2024-2028 жылдар кезеңінде іске асырылып, 29,4 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын ашатын болады. 2024 жылы 6 336 жаңа жұмыс орнын құрумен 261,8 млрд теңге сомасына 64 жобаны іске асыру жоспарлануда.
Шымкентте ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру және экономикалық және әлеуметтік салаларға шетелдік инвестицияларды тарту жаңа жұмыс орындарын құруға, тұрғын үй құрылысының қарқынын арттыруға, сайып келгенде, азаматтардың әл-ауқатын және олардың мегаполисте тұруының жайлылығын бірнеше есе арттыруға мүмкіндік береді.