БҮГІНГІ ЖАС САРБАЗ- ЕРТЕҢГІ ОТАН ҚОРҒАУШЫ

Рейтинг
20.09.2024, 21:43
БҮГІНГІ ЖАС САРБАЗ- ЕРТЕҢГІ ОТАН ҚОРҒАУШЫ

Шымкентте жастарта  әскери-патриоттық тәрбие беру бағытында атқарып жатқан жұмыстардың ауқымы жыл
өткен сайын ұлғайып, сапасы артып келеді. Соның бірі
«Жас сарбаз» жобасы шеңберінде «Sarbaz race
Shymkent» әскери-патриоттық сайысын айтуға болады.
Оған қала  мектептерінен 15 білім ордасынан 105 жас
сарбаз қатысты. Сайысқа әр мектептен 5 ұл жане 2 қыз баладан команда жасақталды.
Әскери-патриоттық сайыстың ашылуына Шымкент
қаласының ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі басқарма басшысының  міндетін атқарушы
Жұмағұлова Әйгерім қатысты.
Жалпы сайыстың мақсаты жастардың, әскери-
патриоттық тәрбиесін жетілдіру, әскери-патриоттық клубтардың іс-қимылын үйлестіру, жастарды Қарулы
Күштердегі әскери қызметке даярлау, олардың бойында әскери борышты  өтеу кезіндегі қажетті дағдылар мен ептілікті қалыптастыру, сондай-ақ жастарға саламатты өмір салтын насихаттау, дене, әскери-қолданбалы жене
техникалық даярлықты жоғарылату.
Сайыс барысында жас сарбаздар түрлі жаттығулар бойынша жарысқа түсті. Атап айтар болсақ, белтемірге тартылу, кедергілер жолағынан өту сияқты сынақтар болды. Сонымен бірге қару түрлерін бөлшектеп, қайта жинауды үйренді.
Түрлі сынақтардан өткен жас сарбаздар сайыс барысында ел қорғаудың мәні мен маңызына қанықты.

Сұхбат

PhotoRoom