Шымкент: Кәсіпкерлерге 51 миллион теңге көлемінде мемлекеттік грант беріледі

Аймақ
31.10.2020, 10:33

Бағдарлама аясында жобасы үздік деп танылған әрбір кәсіпкерге 2-5 млн теңге көлемінде грант берілетін болады

Шымкент: Кәсіпкерлерге 51 миллион теңге көлемінде мемлекеттік грант беріледі

Шымкентте «Бизнестің жол картасы -2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар ұсыну бойынша комиссия отырысы өтті.

Байқауға 28 қыркүйек пен 12 қазан аралығында ережеге сәйкес тиісті құжаттар қабылданған. Жобаға жалпы саны 101 үміткер қатысуға ниет білдірген. Әртүрлі саладан құралған комиссия мүшелері қатысушылардың бизнес жобаларын 27-28 қазан күндері қарады. Комиссия құрамында «SmartOn» ІТ-компаниялар қауымдастығы төрағасының кеңесшісі, Өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары,  қалалық мәслихат хатшысы, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ғылыми зерттеулер департаментінің директоры, «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ филиал директорының орынбасары, «Шымкент – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы бар.

Бағдарлама аясында жобасы үздік деп танылған әрбір кәсіпкерге 2-5 млн теңге көлемінде грант берілетін болады. Жобаның жалпы қаржысы – 51 млн тенгені құрайды.

Айта кетейік, байқау Шымкентте осымен екінші рет өткізіліп жатыр.

Сұхбат

PhotoRoom