Тоқаев Жоғарғы сот төрағасын қабылдады

Құқық
04.11.2020, 17:37

Президент кәсіпкерлер мен инвесторлардың сотқа деген сенімін арттыру мәселесіне тоқталды

Тоқаев Жоғарғы сот төрағасын қабылдады

Президентке сот жүйесіне әкімшілік әділет механизмін енгізу барысы жайында мәлімет берілді. Сондай-ақ жаңа судьяларды іріктеу жүйесін жақсартуға, сот практикасының бірізділігін қамтамасыз етуге және сот ісін жүргізу сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстар жөнінде айтылды.

Жақып Асанов 30 қазан күні онлайн форматта өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің жоғарғы сот төрағаларының 15-ші кеңесінің қорытындысы туралы мәлімет берді.

Президент қылмыстық процесте айыптаушы мен қорғаушы тараптар арасында нақты жарыссөзді қамтамасыз ету мәселесіне назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың, кәсіпкерлер мен инвесторлардың сотқа деген сенімін арттыру сот төрелігі жүйесінің басты басымдығы екенін ерекше атап өтті.

Сұхбат

PhotoRoom