БІЛІКТІ ҰСТАЗ – БІЛІМДІ ҰРПАҚ НЕГІЗІ

Рейтинг
27.06.2024, 16:37
БІЛІКТІ ҰСТАЗ – БІЛІМДІ ҰРПАҚ НЕГІЗІ

Білім саласы қашанда білікті мамандарға мұқтаж. Қазір еліміз бойынша 4 мыңға жуық мұғалім жетіспейді. Ал сұраныс жыл өткен сайын көбеймесе, азаймай тұр. Ең жоғары сұраныс – орыс тілі мұғалімдеріне. Орта білім беру ұйымдарында орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің 800-ден астам мұғалімі жетіспейді. Әсіресе, оңтүстік өңірлерде аталған шет тілінің мамандары тапшы. 536 жоғары білімді бастауыш сынып мұғалімі керек.

Қазақстанда білім сапасын қамтамасыз ету бойынша 2,5 мың мектепте тексеру жүргізіледі. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді. Былтыр мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарының уақтылы аяқталмағаны, мектептердің материалдық-техникалық базасының талапқа сай келмейтіні анықталған болатын. Ағымдағы жылдың соңына дейін 2487 білім беру ұйымында профилактикалық бақылау жүргізіледі. 
«Өткен жылы комитет пен оның аумақтық департаменттері 2624 білім беру ұйымында түрлі тексеріс жүргізді, оның ішінде мемлекеттік аттестаттау, профилактикалық бақылау, шағымдар бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізілді», – деп атап өтті білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дәуенов. 


Тексеру нәтижесінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарының уақтылы аяқталмағаны, мектептердің материалдық-техникалық базасының талапқа сай қамтамасыз етілмегені анықталған. Бұл мониторинг және бағалау қызметі – білім беру қызметінің сапасын, білім беру үдерісіне қатысушылардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ететін шара.
    

Болашақ педагог біліктілік санатын Ұлттық біліктілік тестінен өту нәтижелері бойынша алады. Мансаптың басында жас педагогтар жалақының айтарлықтай өсуіне қол жеткізе алады. Сондай-ақ жаңадан бастаған педагогтерді қолдау үшін тәлімгерлік институтын дамыту тетіктері көзделген. Педагогикалық білімі жоқ тұлғалар үшін педагогикалық қайта даярлау бойынша жұмыс жалғастырылды. Бүгінгі таңда «Педагог мәртебесі туралы» Заңына сәйкес педагогикалық қайта даярлаудың тиісті білім беру бағдарламалары әзірленіп жатыр. Бұл шара жалпы педагогтарға деген қажеттілік проблемасын шешуге бағытталған. Алдағы уақытта да орта білім беретін мекемелердің жұмысына тексеру жұмыстары жалғасатын болмақ. Педагогтардың біліктілігі және оқу ордасының материалодық-техникалық базасы да басты назарда. Білікті ұстаздар ғана білімді балаларды тәрбиелейтіні сөзсіз.Сондықтан да ұстаздар қауымы аталмыш жұмыстардың маңыздылығын түсінуі тиіс.

Сұхбат

PhotoRoom