Шымкенттің жедел жәрдем қызметі республикада үздік үштіктің қатарында

Аймақ
04.11.2020, 14:18

Қалада бүгінде жедел жәрдем қызметі күнделікті 1300 қоңырауға дейін  қабылдауда.

Шымкенттің жедел жәрдем қызметі республикада үздік үштіктің қатарында

Бұл туралы Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Бақытжан Позилов баспасөз брифингте мәлімдеді.

Шымкент қаласының жедел жәрдем қызметі елімізде алдыңғы қатарлардан көрінген. Бақытжан Жолдасбекұлының айтуынша, бірқатар көрсеткіштер бойынша жедел жәрдем қызметі республикада үздік үшінші орында тұр. 

– Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы барлық өңірлер бойынша 9 айлық көрсеткішті жария етті. Оған сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы, Павлодар облысы және Шымкент қаласы үздік үштікті түйіндеп тұр. Атап айтқанда, сәтті реанимациялық көмек, жедел жәрдемнің уақытылы жетуі, жедел жәрдем көлігі және мамандардың қажетті құрал-жабдықтармен қамтылуы және тағы басқа көрсеткіштер бойынша жақсы нәтижелерге жетіп отырмыз, – деді Б. Позилов.

Айта кетсек, қалада бүгінде жедел жәрдем қызметі күнделікті 1300 қоңырауға дейін  қабылдауда.

Сұхбат

PhotoRoom