Шымкент: Адырбеков көшесінде жол жөндеу жұмыстары аяқталды

Аймақ
06.11.2020, 17:22

Адырбеков көшесіндегі жол жөндеу жұмыстары 2 жыл бұрын басталған болатын

Шымкент: Адырбеков көшесінде жол жөндеу жұмыстары аяқталды

Шымкенттегі Адырбеков көшесінің бір бөлігі - 800 метріне жол жөндеу жұмыстары аяқталып, қолданысқа берілді.

Жалпы ұзындығы 3,6 км көшенің жаңартылуына мемлекеттік бюджеттен 1 миллиард 600 миллион теңге бөлінген. Сондай-ақ, аталмыш қаражатқа  жаяу жүргіншілер жолы, жол жиектемесі мен жарық қарастырылған.

Адырбеков көшесіндегі жол жөндеу жұмыстары 2 жыл бұрын басталған болатын. Мердігер компаниялар арасындағы кедергілерге байланысты нақты жұмыстар жуырда ғана басталды. Сәйкесінше, Рысқұлов пен Жандосов көшелерінің аралығындағы 800 метрге 2 қабатты асфальт төселіп пайдалануға берілді. Алдағы уақытта жол жөндеу жұмыстарының талабына сай, 3-қабаты салынады.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасовтың айтуынша, көшенің жалғасының жөндеу жұмыстары ұзаққа созылмайды. Сондықтан тұрғындарға алаңдауға негіз жоқ.

Айта кетейік, қазіргі таңда аталған көшеде жол құрылысын жүргізіп жатқан «Базис-К» ЖШС компаниясы жұмысты 2022 жылы толық аяқтамақ.

Сұхбат

PhotoRoom