Шымкент: Мұғалімдер олимпиадасында 30 ұстаз жеңімпаз атанды

Аймақ
08.11.2020, 15:45

Бейне сабақты бағалауда мұғалімдердің сабақты жоспарлаудағы жаңашылдығы ескерілді

Шымкент: Мұғалімдер олимпиадасында 30 ұстаз жеңімпаз атанды

Шымкент қаласында мұғалімдер олимпиадасы өз мәресіне жетті. Осы жылы 28 қазан мен 4 қараша аралығында өткен білім бәйгесіне 1185 ұстаз бақ сынасып, білім саласындағы күрделі тапсырмаларды орындады.

Олимпиадаға қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, өзбек тілі мен әдебиеті, өзге тілде білім алатын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті және орыс тілі мен әдебиеті, информатика және жаратылыстану пәндерінің мұғалімдері қатысты.

Білім сайысының І-кезеңі Online Test   Pad  және ZOOM (бейнебақылау) платформалары арқылы онлайн (тестілеу) форматында өтті.  Ал ІІ-кезеңге өткен 444 педагог өз пәндері бойынша бейне сабақтарын әдістемелік орталығына жібереді.

Бейне сабақты бағалауда мұғалімдердің сабақты жоспарлаудағы жаңашылдығы, қысқа мерзімді жоспарының құрылымы, мазмұны, сабақта қолданған тиімді оқыту тәсілдері, бағалау стратегияларын қолдануы ескерілді.

  Олимпиада қорытындысы бойынша үздік бейне сабақ үлгісін көрсеткен 30 мұғалім жеңімпаз деп танылып, педагогикалық озық тәжірибелері қала көлемінде таратылды. Әр пән бойынша бейне сабақтар қоры жасақталып, қашықтан оқыту жағдайында әдістемелік көмек ретінде қала педагогтеріне ұсынылады.

Тегтер:
Шымкент білім

Сұхбат

PhotoRoom