Шымкент: Еңбекші ауданы алдағы үш жылда толық табиғи газбен қамтылады

Аймақ
14.11.2020, 10:41

Жекеменшіктегі газ 2023 жылға дейін толық мемлекеттік жүйеге өткізіледі

Шымкент: Еңбекші ауданы алдағы үш жылда толық табиғи газбен қамтылады

Шымкент қаласы Еңбекші ауданы тұрғындарының 96% сапалы ауыз сумен қамтылған. Қалған 4% қамту 2021-2022 жылдың жоспарына енгізілген. Ауданда жыл соңына дейін Бадам-1,2 тұрғын алабында ауыз су жүйесінің құрылысы аяқталып, ел игілігіне беріледі. Ал, Абдулла-Абат тұрғын алабында ауыз су жүйесіне жүргізіліп жатқан жөндеу жұмысын желтоқсан айының 15-не дейін аяқтау жоспарланған.

Бұл жөнінде Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Ильясов ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте ауданды инфрақұрылыммен қамту туралы баяндады.

Аудан әкімінің сөзінше тұрғындарды сапалы электрмен қамту 93%. Жұмыспен қамту жол картасы аясында Жұлдыз, Жалын, Қарабастау тұрғын алаптарын электр жүйесімен қамту жұмысына бастапқы қаражат бөлініп, мердігер мекеме анықталған. Қазірде Жұлдыз тұрғын алабында құрылыс жұмысы басталып, жоба 2021 жылға өтпелі.

–Халықты мемлекеттік жүйедегі табиғи газбен қамту 87,7% болып отыр. Қалған жекеменшіктегі газ 2023 жылға дейін толық мемлекеттік жүйеге өткізіледі. Қазір Бадам тұрғын алабындағы 331 абонентті газбен қамтамасыз ету үшін құрылысына бастапқы 50 млн теңге қаржы бөлініп, ішкі орамға газ құбырын тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нысан 2021 жылға өтпелі, -деді аудан әкімі.

Аудан әкімі өз баяндамасында тұрғындарды кәріз жүйесімен қамту жөнінде де айтып өтті. Биыл Мирас, Шапағат-2, Ұлағат шағынаударында кәріз жүйесінің құрылысы басталып, 2021 жылы пайдалануға беріледі. Солтүстік-шығыс шағын ауданына жобалық сметалық құжат әзірленіп, келер жылы құрылысқа бюджеттік өтінім берілген.

Сұхбат

PhotoRoom