ШҚО «қызыл аймақтан» шықты

Аймақ
02.12.2020, 12:22

Өңір коронавирустың таралу деңгейі бойынша «сары аймаққа» енді

ШҚО «қызыл аймақтан» шықты

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов ШҚО тұрғындарының жауапкершілігінің арқасында COVID-19 инфекциясының таралу деңгейі төмендеп, өңірдің «қызыл аймақтан» шыққанын мәлімдеді.

«Бүгінде аймақта коронавирустың көбею коэффициенті бәсеңдеді. Қарашаның басымен салыстырғанда репродуктивті R саны 1,85-тен 0,84-ке дейін, ал төсек қорының қамтылу пайызы 31,1-ден 14,5-ке дейін төмендеді. Вирус жұқтырғандар саны 7 қарашада 353 адам болса, кеше 73 құрады», - деп жазды ол.

Әкімнің хабарлауынша, қабылданған шаралардың арқасында ШҚО коронавирустың таралу деңгейі бойынша «сары аймаққа» енді.

«Бұл қолданыстағы шектеулерге бірқатар жеңілдіктер енгізуге мүмкіндік береді. Алайда, әзірге вакцина жоқ, сондықтан КВИ-ден қорғануға болатын ең сенімді жағдай - сақтық шаралары мен әлеуметтік қашықтық болып қала бермек», - деп ескертті аймақ басшысы.

Сұхбат

PhotoRoom