Шымкентте "Кітар fest" фестивалі үшінші күнге жалғасып жатыр

Аймақ
01.12.2020, 16:10

Бұл фестивальді Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Рухани жаңғыру» бөлімі алғаш рет республикалық деңгейде ұйымдастырып отыр

Шымкентте "Кітар fest" фестивалі үшінші күнге жалғасып жатыр

Тұңғыш Президент күніне орай, Шымкентте кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, кітапқа деген құштарлықты насихаттау мақсатында ұйымдастырылған «Kitap Fest» фестивалі жалғасуда.

Бұл фестивальді Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Рухани жаңғыру» бөлімі алғаш рет республикалық деңгейде ұйымдастыруда.

Шараның екінші күні мәдени іс-шарамен жалғасты. Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай Әл-Фарабидің трактаттарынан «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының қызметкерлері үзінді оқыса, сондақ-ақ, «Ыбрай Алтынсарин атындағы №65 мектеп гиназия» КММ-ның талантты оқушылары мен «Мұрагер» ансамблі өз өнерлерін көрсетті.

Фестивальге келушілер Нұр-Сұлтан қаласындағы «Фолиант», Алматы қаласындағы «Қазақ университеті», Қарағандыдағы «Qasym» және т.б. баспа үйлері, «Эрудит», «Қазына» кітап дүкендері т.с.с. қазақ және әлем классиктерінің кітаптарын оқырмандарға ұсынды.

Айта кетейік, жоғарыдағы баспа үйлерінен және дүкендерінен сатып алған кітаптарының бірін аранйы ашылған «Балаларға базарлық» қайырымдылық бұрышына қалдыра алады. Онда жиналатын кітаптар фестиваль қорытындысына қаладағы аз қамтылған тұрмысы төмен, көпбалалы отбасыларының балаларына еріктілер көмегімен сыйға тартылмақ.

Сұхбат

PhotoRoom