Атыраулық шенеуніктерге қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды

Аймақ
04.12.2020, 16:35

Олар 185 млн теңге пара алды деген күдікке ілінген

Атыраулық шенеуніктерге қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды
фото: Нұрлан Таубаев пен Тимур Басаров

Бұрынғы Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары мен облыстық құрылыс басқармасының басшысына қатысты қылмыстық іс сотқа берілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары мен Құрылыс басқармасының басшысына қатысты қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.

«Олар Атырау облысы Жылыой ауданының Құлсары қаласындағы 200 орындық жаңа аурухана кешенін пайдалануға қабылдау актісіне қол қоюға жәрдемдескені және жалпы қамқорлығы үшін алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адаммен 185 млн теңге сомасында аса ірі көлемде пара алуда күдікті болды», - делінген агенттік хабарламасында.

Осы жылдың 3 желтоқсанында қылмыстық іс Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.

Еске сала кетейік, 14 қыркүйекте Атырауда ірі көлемде ақша жымқырды деген күдікке шенділер 2 айға қамауға алынды.

Сұхбат

PhotoRoom