Шымкентте Водопьянов көшесінің тұрғындарына пәтер кілттері табыс етілді

Аймақ
03.12.2020, 13:30

Өрттен зардап шеккен тұрғындардың мәселесін шешу мақсатында өрт болған үйдің орнына «Шымкент ӘКК» АҚ арқылы жаңа бес қабатты 85 пәтерлі тұрғын үй бой көтерді

Шымкентте Водопьянов көшесінің тұрғындарына пәтер кілттері табыс етілді

Шымкент қаласы Абай ауданындағы М. Водопьянов көшесінде №1 «А» көп пәтерлі үйдің құрылысы қазан айында аяқталған болатын. Қала әкімінің жіті бақылауында тұрған мәселе өз шешімін тауып, бүгін «Шымкент» ӘКК» АҚ өкілдері, Абай ауданы әкімінің орынбасары жаңа үйдің тұрғындарына пәтер кілттерін табыс етті. Былтыр өрт салдарынан баспанасыз қалған тұрғындардың қуанышында шек жоқ.

Өрттен зардап шеккен тұрғындардың мәселесін шешу мақсатында өрт болған үйдің орнына «Шымкент ӘКК» АҚ арқылы жаңа бес қабатты 85 пәтерлі тұрғын үй бой көтерді. Жобаның құны – 550,1 миллион теңге. Жаңа тұрғын үй «Otau Group» ЖШС, «Ақ Ордасы корпорациясы», «Арт-құрылыс» компанияларының демеушілігімен тұрғызылды.

Әрбір тұрғынға ауданы 28,71 шаршы метр болатын 1 бөлмелі пәтердің кілттері табыс етілді. Пәтерлер ішкі есіктер, еден жабыны, пластикалық терезелер, кіреберістің темір есіктері және электр қуатымен жабдықталған.

Сұхбат

PhotoRoom