Шымкентте «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарларламасы сәтті жүзеге асуда

Аймақ
03.12.2020, 14:17

Бүгінде 6 жоба іске қосылып, 212 жаңа жұмыс орны құрылған

Шымкентте «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарларламасы сәтті жүзеге асуда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығыс аймағының өнеркəсіптік əлеуетін барынша пайдалану керек. Осы өңірлерде еліміздің еңбек ресурсының жартысы шоғырланған. Сапалы жұмыс орындары бұл аймақтарды дамыту үшін өте өзекті», – деді. Осы бойынша Жолдауды халық арасында кеңінен насихаттау мақсатында атқарылған жұмыстар төңірегінде Шымкент қалалық Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсебековтің қатысуымен тікелей эфирде сұхбат өтті.

– Шымкентте бизнесті қолдау мақсатында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы шеңберінде 317 жобаға қолдау көрсетілді. Ал «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған» бағдарламасының екінші бағыты аясында 90 жоба қаржыландырылды. Одан бөлек, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 91 кәсіпорыннан өтініш түсіп, 55 жоба мақұлданды. Яғни, оның ішінде 47-сі қаржылай қолдауға ие болды, – деді Береке Талғатұлы.

Басқарма басшысының сөзінше, қалада 2020–2025 жылдарға арналған «Кәсіпкерлікті қолдау картасы» аясында 4 179 жаңа жұмыс орнын құрумен 29 жоба іске асырылуда. Бүгінде 6 жоба іске қосылып, 212 жаңа жұмыс орны құрылған.

Айта кетейік, жыл басынан бері әлеуетті инвесторлармен 19 кездесу өткізіліп, нәтижесінде, жалпы құны 12,1 млрд теңгені құрайтын 7 жоба тартылған.

Сұхбат

PhotoRoom