Шымкент: Тұрмысы төмен отбасына қолдау көрсетілді

Аймақ
02.12.2020, 18:40

Рәшкүл ханым өз кезегінде мүгедек бала тәрбиелеп отырған денсаулығы жоқ анаға үйін жөндеуге жәрдем беретінін айтты

Шымкент: Тұрмысы төмен отбасына қолдау көрсетілді

Шымкент қаласындағы  "SHANYRAQ" отбасы институты орталығына жергілікті кәсіпкер, депутат, «Корпорация «Береке А» ЖШС бас директоры Рәшкүл Оспаналиева қонаққа келіп, көпбалалы аналармен кездесті. Дөңгелек үстел форматындағы кездесуде Рәшкүл ханым өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, бизнестегі жетістіктеріне қалай жеткенін әңгімеледі. Көпбалалы аналардың ішіндегі бірнеше әйел өз сұрақтарын қойып, кейбірі тұрмыстық жағдайы ауыр екенін айтып жәрдем сұрады. Тұрып жатқан үйінің төбесі құлап жатқанын, жасөспірім қызы да, өзі де денсаулығы жоқтығын айтып шағымданды. Тағы бір ана өзінің тігін ісіне қатты көңілі қалағанымен, тігін машинасын сатып алатын қаражаты жоғын айтты.

Рәшкүл ханым өз кезегінде мүгедек бала тәрбиелеп отырған денсаулығы жоқ анаға үйін жөндеуге жәрдем беретінін айтып, мекен-жайын жазып алды. Сонымен бірге көпбалалы аналарға өмірін өзгерту үшін өзі тырбана еңбек ету, өзінің ойын, ішкі дүниесін өзгерту қажеттігін баса айтып өтті.

Сұхбат

PhotoRoom