Қазақстан-Бразилия Іскерлік кеңесінің ІІІ-отырысы өтті

Рейтинг
14.10.2024, 17:20
Қазақстан-Бразилия Іскерлік кеңесінің ІІІ-отырысы өтті

Қазақстан Республикасының Тәуекелсіздігін 1991 жылы 26 желтоқсанда мойындаған Бразилия Федеративтік Республикасымен дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 31 жылдан асты. Осы аралықта Бразилияның еліміздегі Елшілігі, одан кейін Қазақстанның Бразилиядағы Елшілігі ашылып, түрлі салалардағы екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың одан әрі дамуында қарқынды жұмыстар жүргізілуде.

Мәселен, жақында Риу-Гранди-ду-Сул штатында орналасқан Порту-Алегри қаласында Қазақстан-Бразилия Іскерлік кеңесінің ІІІ-отырысы өтті. Онда екі мемлекет арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайту, инвестиция тарту мәселелері қаралды.

«Qazindustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ Төрағасының орынбасары Әлібек Шәкімов бастаған қазақстандық делегация еліміздің сауда-экономикалық, әлеуметтік дамуымен, инвесторларға көрсетілетін қолдаулар мен жеңілдіктермен, жаңа экспорттық өнімдермен таныстырды.

Форумның ашылу салтанатында сөз сөйлеген қазақстандық дипломат Болат Нүсіпов екіжақты инвестициялық ынтымақтастықтың жетістіктеріне, соның ішінде Қазақстандағы моторлық редукторлар өндіретін бразилиялық «WEG» компаниясын атап өтіп, басқа да кәсіпкерлерді өз өкілдіктерін ашуға шақырды.

Одан бөлек, Мемлекет басшысы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылуында бастама еткен «Kazakhstan: Born Bold» халықаралық жарнамалық науқанымен, оның мақсат-міндеттерімен таныстырып, еліміздің әр салалардағы жетістіктерінен хабардар етті.

Одан бөлек, «Қазфосфат» АҚ және «Қазазот» АҚ Бас директорлары, «QazTrade Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ Бас директорының орынбасары инвестициялық ахуал бойынша баяндама жасаса, ал қазақ жерінде кәсібін жүргізіп отырған бразиялық компаниялар елімізде бизнеспен айналысудың оң тәжірибесімен бөлісіп, «Copacol» компаниясы тауық етін өңдейтін зауыт салу мүмкіндігін қарастырды.

Бразилиялық 70-тен астам іскер топ өкілдері қатысқан отырыста екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстар, инвестиция тарту мүмкіндіктері, салалардағы ынтымақтастықты дамыту бағыттары мен іске асыру тетіктері талқыланып, бауырластық байланыстарды нығайту,органикалық соя бұршағын бірлесіп өсіру,сонымен қатар Іскерік кеңестің бұл отырысының хаттамаларына қол қойылды.

Ал, келесі отырысты 2025 жылы Қазақстанда өткізуге уағдаласты.

Бұл кеңес отырысы аясында B2B форматында кездесулер мен бразилиялық кәсіпорындардың жұмысымен таныстыру ұйымдастырылды.

Мәселен, қазақстандық делегация автобус жасайтын «Marcopolo» зауытын, ыдыс-аяқ, тұрмыстық қажеттіктерді шығаратын «Tramontina» фабрикасын, сусын, шараптар өндіретін «Casa Valduga» компаниясының жұмысымен, өнімдерімен, өндіріс процесімен танысты. Одан бөлек, компаниялармен технологиялық жаңашылықтар мен тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады.

Айта кету керек, 2021 жылы екі ел кәсіпкерлері арасындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында Қазақстан-Бразилия іскерлік кеңесін құру туралы меморандумға қол қойылып, онлайн форматтағы ресми ашылуы өткен болатын. Ал сол жылдың қарашасында І-ші отырысы өтті.

2023 жылы Қазақстан-Бразилия іскерлік кеңесінің екінші отырысы өтіп, онлайн және офлайн форматта 100-ден астам адамды қамтыды. Онда екі ел арасындағы тауар айналымын арттырып, инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуды талқылады.

Биыл Бразилияда өткен ІІІ-отырыс, кезекті отырысты 2025 жылы Қазақстанда өткізу жоспарлануда.

Жалпы айтқанда, еліміздің Латын Америкасы мен Кариб бассейніндегі ең ірі сауда серіктесі саналатын Бразилияға күкірт, қара металдар, уран өнімдері экспортталса, Бразилиядан қамыс қанты, шикі темекі, жемісшырындары, кофе импортталады.

Сұхбат

PhotoRoom