Шымкент: «Ұлттық сусын – ұлттық бренд» атты семинар-тренинг өткізді

Аймақ
02.12.2020, 10:25

Артықгүл Сопыбекова қымыран баптаудың әдіс-тәсілдері, дайындау жолдарын түсіндірді, жеке кәсіпкер қымыз баптаушы Айсұлу Тасыбекова қымыз баптаудың қыр-сырымен, блогер Айдана Ыбырай сүт, айран, шалап дайындаудың әдіс-тәсілдерімен қатар, айранның адам ағзасына пайдалы тұстарымен бөлісті

Шымкент: «Ұлттық сусын – ұлттық бренд» атты семинар-тренинг өткізді

Төрт түліктің қадір-қасиетін терең ұққан ата-бабамыз, шипалы қасиетке ие төрт түліктен өндірілетін сусындардың дәрумендік сипатын аса жоғары бағалаған. Бүгінде ағзаға аса зиян күмәнді сусындар өндіру белең алды. Жаһандану жағдайында келер ұрпақтың дені сау, санасы сергек болып өсуі үшін ұлттық сусындарды дәріптеу әрбіріміздің парызымыз саналмақ.

Осы орайда, Шымкент қаласындағы Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында төрт түліктің қасиеті, ұлттық сусындардың шипасы, жөн-жоралғылары мен ырым-тыйымдары туралы «Ұлттық сусын-ұлттық бренд» атты семинар-тренинг өткізді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Дәстүр және ғұрып» арнайы жобасы аясында өткен танымдық кешке Арыс ауданы, Саналы ауылының «Нар қымыран» шаруашылығының иесі Артықгүл Сопыбекова қымыран баптаудың әдіс-тәсілдері, дайындау жолдарын түсіндірді, жеке кәсіпкер қымыз баптаушы Айсұлу Тасыбекова қымыз баптаудың қыр-сырымен, блогер Айдана Ыбырай сүт, айран, шалап дайындаудың әдіс-тәсілдерімен қатар, айранның адам ағзасына пайдалы тұстарымен бөлісті.

Орталық басшысы Сұлтан Оңғарұлы келген қонақтарға алғысын білдіріп, алғыс хатпен марапаттады.

Тегтер:
Шымкент

Сұхбат

PhotoRoom