Шымкент: «Жұлдыз» индустриалды аймағында 60 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ

Аймақ
05.12.2020, 14:40

Бұл аймақта құрылыс, металлургия, фармацевтика, жиһаз өнеркәсібі дамитын болады

Шымкент: «Жұлдыз» индустриалды аймағында 60 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мәлімдеді.

– Президент Жолдауда өңдеу өнеркәсібін алдағы 5 жылда кем дегенде 1,5 есеге өсіруді тапсырды. Осы мақсатта бірнеше бастаманы қолға алып отырмыз. Атап айтсақ, солардың бірі – 306 гектар жерге «Жұлдыз» индустриалды аймағы іске қосылып жатыр. Бұл аймақта құрылыс, металлургия, фармацевтика, жиһаз өнеркәсібі дамитын болады, – деді М. Әйтенов.

Айта кетейік, «Жұлдыз» индустриалды аймағында 105,0 млрд. теңгеге 8 мыңнан астам жұмыс орнымен 60 инвестициялық жобаны іске асыру көзделуде.

Сұхбат

PhotoRoom