Шымкент: 10 айда 66,5 млрд. теңгенің өнімі шығарылған

Аймақ
05.12.2020, 15:44

Өнеркәсіп – қала экономикасының негізін құраушы сала

Шымкент: 10 айда 66,5 млрд. теңгенің өнімі шығарылған

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мәлімдеді.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында өңірлерді дамытудың нақты жолдарын белгілеп берді. Сондықтан, қала экономикасын қарқынды дамытып, тұрғындарға ыңғайлы жағдай жасау біздің басты міндетіміз. Өнеркәсіп – қала экономикасының негізін құраушы сала. Жалпы өңірлік өнімдегі үлесі – 23 пайыз. Қалада өндірістік инфрақұрылымы бар 3 аймақ жұмыс істеп тұр. Осы үш индустриялды аймақта жалпы инвестиция көлемі 229,7 млрд.теңге, 10 мыңнан астам жұмыс орнымен 170 жоба жүзеге асырылуда, – деді М. Әйтенов.

Шаһар басшысының мәлімдеуінше, бүгінгі күнге дейін Шымкентте 98,6 млрд. теңгеге 5,5 мың жұмыс орнымен 100 жоба жүзеге асырылып, ағымдағы жылдың 10 айында 66,5 млрд.теңгенің өнімі шығарылған.

Айта кетейік, осы жылдың соңына дейін қалада инвестиция көлемі 20,9 млрд. теңгеге 566 жұмыс орнымен 9 жоба іске қосылады.

Сұхбат

PhotoRoom