АРНАУЛЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ ОЗЫҚ ӘДІСТЕР

Рейтинг
18.10.2024, 18:09
АРНАУЛЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ ОЗЫҚ ӘДІСТЕР

Бүгінгі таңда үшінші мегаполисте  11 жоғары оқу орны мен 40-қа жуық арнаулы оқу орны бар. Аталмыш білім ордаларында 124 088 студент білім алуда.  Оның ішінде 24 127 білімгер мемлекеттік тапсырыс бойынша оқып жатқан болса, ал 1429 студент жергілікті кәсіпорындардың сұранысы бойынша дайындалуда. Бұл көрсеткіштер өңірдегі білім беру жүйесінің тиімділігін, сондай-ақ кәсіби маман дайындаудағы жаңа бағыттардың дамуын көрсетеді. Яғни, өңірдегі кәсіпорындар арнаулы оқу орындарымен байланыс орнатып, өздеріне қажетті мамндарды сұрау салдыртып толықтырып отыр деген сөз.
Колледждердің білім беру бағдарламаларын жақсарту мақсатында, 16 колледжде құзыреттілік орталықтары құрылып, заманауи жабдықтармен жабдықталған. Бұл орталықтар студенттерді әлемдік стандарттарға сай оқытуға мүмкіндік беруде.


Жоғарыда аталған колледждердің ішінде үш білім ордасына ерекше тоқталған жөн. Бұл - Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі, Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі, сондай-ақ Индустриалды-техникалық колледж Францияның аккредиттеу агенттігінде халықаралық аккредитация рәсімінен өтуде. Бұл халықаралық аккредитация колледждердің білім беру деңгейін жоғары сапаға көтеруге септігін тигізеді.
Қазіргі уақытта дуальды оқыту жүйесі аясында 165 кәсіпорын 25 колледжбен тығыз байланыс орнатқан. Осы шеңберде 42 кәсіпорын 25 колледжді қамқорлыққа алған, ал 26 педагог кәсіпорындар базасында тағылымдамадан өтіп, тәжірибелік білімдерін арттыруда. Дуальды оқыту жүйесі студенттердің тек теориялық біліммен шектелмей, нақты өндірістік жағдайларда тәжірибе жинақтауына мүмкіндік береді.


Сонымен қатар, өңірде «Талапкер» пилоттық жобасы жүзеге асырылып, мектептің жоғары сынып оқушыларына бір уақытта мектепте және колледжде білім алу мүмкіндігі берілді. М. Өтебаев атындағы Жаңа технологиялар және Техникалық колледж осы жобаға қатысып, 75 оқушыны қабылдады.
Өңірлік кластерлерді қалыптастыру және жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып, колледждерді бейіндеу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Сонымен қатар, 2024 жылдың қыркүйегінен бастап колледж студенттерінің стипендиясының мөлшері 50%-ға ұлғайтылады. Бұл студенттердің білім алуға деген ынтасын арттыруға септігін тигізері анық.

Сұхбат

PhotoRoom