Республика күніне «Менің елім - менің туым!» акциясы бастау алды

Рейтинг
19.10.2024, 12:37
Республика күніне «Менің елім - менің туым!» акциясы бастау алды

Республика күніне орай «Жастар Рухы» Жастар қанатының қолдауымен «Менің елім - менің туым!» акциясы барлық өңірлерде бастау алды.

Акция аясында «Жастар Рухы» ЖҚ ШҚО филиалының белсенділері Өскемен қаласының көпқабатты ғимараттарына көк туымызды көтерді.

Аталған акцияның мақсаты - патриотизм мен бірлікті нығайтуға бағытталған.

Осы атаулы күні Отанымыз - Қазақстан Республикасына өркендеу мен амандық тілейміз, халықтың бірлігі, татулығы мен келісімі біздің мемлекеттілігіміздің мәңгілік берік тірегі болсын.

Акцияға сіз де қатысып, өз үлесіңізді қосуға шақырамыз 

#ЖастарРухыШҚО #RepablicDay

Сұхбат

PhotoRoom