Қостанайда бюджеттен жарты миллиард теңгеге жуық қаржы жымқырған қылмыстық топ ұсталды

Аймақ
05.02.2021, 16:48

Қылмыстық іс сотта қаралып жатыр

Қостанайда бюджеттен жарты миллиард теңгеге жуық қаржы жымқырған қылмыстық топ ұсталды

Қостанай облысында бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырған бір топ адам ұсталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ресми мәліметке сәйкес, қазір Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 4-бөлігінің 2-тармағы (алаяқтық, аса ірі мөлшерде) бойынша тергеу шаралары басталды.

«Қылмыстық топ мемлекеттік инвестициялық бағдарлама аясында 484 миллион теңгені жымқырған. Қаражат облыстың шаруашылық қожалығына күн энергиясын пайдалана отырып, ұңғымалардан суды көтеруге арналған жабдық сатып алуға субсидия ретінде бөлінген болатын», - делінген хабарламада.

Сұхбат

PhotoRoom